Мейірімділік — адамның өзге біреуге
жылылығын, ізгі ниеті мен лебізін білдіру. Мейірімділік адамдар арасындағы
сыйластық, кеңпейілділік, жанашырлық, ізгі ниет секілді қасиеттерге
негізделеді. Мейірімді кісі әркез өзгеге жаны ашып, жақсылық жасағысы келіп
тұрады. Қоршаған ортада қиындыққа тап болған немесе өзгелерден жәбір көрген
адамға көмектесіп, қол ұшын беру үлкен мейірімділіктің белгісі.
Мейірімділік - бала кезінен ата-анасын, бауырларын, ұстаздарын сыйлай білу, халқын, жерін, тілін, дінін, салт- дәстүрін қадірлеу, өз отбасын ардақтай білу. Сонымен, мейірімділік деген не? Мысалы, жақында өзім куә болған мына көрініс мені бей-жай қалдыра алмады. Жолдың арғы бетіне өте алмай тұрған мүгедектер арбасына таңылған үлкен кісіге екі жас жігіт көмектесіп, алғысын алып кете барды. Мен сырттай қарап, жүрегінде мейірімі бар жастар өсіп келетініне іштей қуандым. Былай қарасақ, елеусіз оқиға сияқты, бірақ осының өзі адамның жүрегіне жылы тиіп, мейірімін оятады емес пе?
Кітапханашы Жұмаш Болғанай
Комментариев нет:
Отправить комментарий