Біздің блогқа қош келдіңіздер!!! Добро пожаловать на наш блог!!!

Советалы Аяулым

 


2001 жылы туған, №1 кітапхана филиалының оқырманы «Орхидея» клубының мүшесі Ә.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжінің 4 курс студенті. Аяулымның жыр шумақтарын ұсынамыз.

 Жұбанға арнау.

Үміт жалғанды сағым ұшымен,
Шар болат шабыт дауыл күшімен.
Тулайды өлең Жұбан деп қана
Қимаған көңіл сағынышымен.

Жалғанның қашан жарасы аз болды
Тағдырдың кіммен таласы аз болды!
Дарабоз ақын сапарға кетіп,
Қаңырап жансыз қарасаз қалды!

Найзадай сөздің сүйрігі едің,
Найзағай жырдың жүйрігі едің.
Күллі қазақты ақындығыңмен
Бір құшағыңа сыйдырып едің.

Қара сөздерің биік бəрінен,
Тыңдайды халқың ұйып барымен.
Жаныңның дертін емдегендейсің
Өлең аты қуатты дәрімен

Сəулесіңдей ең қазақ елінің
Иесіндей боп жыр әлемінің
Адалдық үшін барыңды салдың
Самұрығындай сұңғыла белдің.

 

Қазақстан

Қазақстан, байтақ елім, ұлы далам,
Бір уыс топырағың қымбат маған.
Тек сенің көлдеріңе шомыламын
Тек сенің суларыңнан қуат алам.

Кең даланы қорғаған батырларым,
Мен сіздерді әрдайым сағынамын.
Ерліктерің мәңгілік ел есінде
Құрметтейді сіздерді ұрпақтарың.

Елбасы қазағымның тірегі еді,
Нұрсұлтан ұлы елімнің жүрегі еді.
Қазағым, қайтпас қайсар мінезіңмен
Бүгінде мойындаттың бар әлемді.

Қазақстан, құт береке қонған елім,
Қазақстан, тəуелсіз боп, тұрған елім.
Қазақстан - ол менің ұлы отаным
Бабалардан, мұра болып, қалған елім!!!

Алыс кетсем жүрем сені сағынып,
Шырқап өтем, шырқап өтем ән қылып.
Қазақ дейтін ұлы елдің ұрпағы
Жасай берсін, жасай берсін мәңгілік!!!

 

Жоғары мәртебелім.

Жүректен жыр көзден тамшы боталап
Тау тағдырының төсіне
Жыласам ба екен жата қап?!
Бір сорлының күлкісіне қаталап
Қанғып жүрмін қайыр сұрап
Шаһарында Музаның
Сол үшінде үстем болсын мерейің
Жоғары мәртебелі Махаббат

Қанымды іштің,қысылмағын,қанып іш
Тау қозғалатын мінезіңмен
Қолыңыздан келеді бұл алып іс
Кеудеме кеп жасай бермей жарылыс
Бұл сезімді менен аулақ алып ұш
Қанғып жүрмін қайыр сұрап
Өң мен түстін ішінде
Сол үшін үстем болсын мерейің
Жоғары мәртебелі,Сағыныш

Он ғасырға жасайтындай секіріс
Тау шағылмас жүрекпен
Өлмейтұғын оқырманға жазып кетем өкініш
Қирап жатыр үмітімнен тұрғызылған бекініс
Кезіп жүрмін қайыр сұрап
Өмір,өлім арасын
Сол үшінде мерейің үстем болсын

Жоғары мәртебелі өкініш.


Комментариев нет:

Отправить комментарий