Біздің блогқа қош келдіңіздер!!! Добро пожаловать на наш блог!!!

Көрнекті түрік жазушысы, Нобель сыйлығының лауреаты Орхан Памуктың бұл романында бизнесмен жігіт Кемал мен жас сұлу Пүсін арасындағы тартысқа толы махаббат хикаясы, өмір белестері, адам жанының нәзік иірімдері баяндалады. Кітаптың алғашқы басылымы 2008 жылы Ыстамулда жарық көрген. «Сезім музейі» тек махаббат туралы ғана емес, өмір, достық, жастық, отбасы мен бақыт туралы ойларыңызға да терең әсер ететіні соншалықты, кітаптың сырлы әлемінен шыққыңыз келмей қалады. Памуктың бұл романы махаббат тақырыбындағы үздік романы болып атанды. Кітап жалпы оқырман қауымға арналады. Сондықтан оқуға кеңес беремін.  



                                                             №2 кітапхана-филиалының оқырманы: Д.Б.Казыбекова 

Комментариев нет:

Отправить комментарий