Біздің блогқа қош келдіңіздер!!! Добро пожаловать на наш блог!!!

Кішкентай оқырмандар! Сендерге арналған жаңа кітап.


Кішкентай оқырмандар!
Сендерге арналған жаңа кітап.

Балалар!
Сендер әріп үйренгеннен-ақ түрлі - түсті, оқиғасы қызық әртүрлі кітаптарды оқыдыңдар.Соның ішінде сендерді қызықтырған кітаптар сан- алуан. Жыл сайын сендерге және өздерің сияқты балаларға арналған кітаптардың саны өсіп, көбеюде. Оны өздеріңде жақсы білесіңдер.
Міне, бүгін сондай кітаптың біріде бірегейі Ағыбаев Құдиярбек Молдабекұлының «Айналайын» атты кітабын оқуды ұсынып отырмын. Бұл кітапта «Жануарлар мен жәндіктер әлемі», «Қуыршақ-ау, қуыршақ», «Мен де сарбаз боламын», «Балапанға базарлық» деп аталатын бөлімдерінде оның өлең топтамалары, жұмбақтары мен әңгімелері, ертегі мен анимациялық фильмдерге жазған киносценарийлері енгізілген.
Кітаптың тілі оқуға жеңіл, тартымды, берер тағлымы да мол.
Бұл кітап сендерді қызықтыратына сенімім мол.

№5 балалар кітапхана-филиалының
кітапханашысы
ХАМИЕВА НҰРГҮЛ ҒАЗИЗҚЫЗЫ



Комментариев нет:

Отправить комментарий