Біздің блогқа қош келдіңіздер!!! Добро пожаловать на наш блог!!!

Оқырманын ойландыратын туынды


Жазушының шеберлігі оқырманды еріксіз баурап алатын, ойынан көркем, мазмұнды шығарма жазу - үлкен дарындылық пен қабілет дерсің.
Мен Жанболат Башардың қалам тартуын қадағалап жүретін оқырманның бірімін. Жазушы Жанболат Башарұлының «Күтумен өткен ғұмыр» әңгімесін тебіренбей оқу мүмкін емес. Сақып ана құдай қосқан қосағы Әділінің майданда жазған хаттарын тұмардай қастерлеп, қырық жыл бойы түнде түсінен, күндіз есінен шығармай, күтумен өмір кешті. Сарғая күткен Әділі аман-есен оралып, үйленген болып шықты. Осы сәттегі Сақып ананың мінезіндегі психологиялық өзгерістер тағдыр-талайы, мұң-мүддесі, жан сезімі шебер суреттелген. Қазақ әйелдерінің қажыр-қайратына қайран қаласың. Әділ ақсақал дүние салғанда текті ананың тәрбиесін алған ұлы Есенәлі өзі арнайы барып, әкесін ақтық сапарға арулап шығарып салады.
Оқырмандарын ойға бастап, санасына сәуле түсірерлік бұл туынды көптің көзайымына айналары сөзсіз.

Көптеген жылдар бойы
біздің кітапханамыздың досы,
адал және белсенді оқырманы
Гүлмара Қызылбаева

Комментариев нет:

Отправить комментарий