Біздің блогқа қош келдіңіздер!!! Добро пожаловать на наш блог!!!

Ауыл әңгімелері


Қандай да бір жақсы кітапты оқығанда - өміріңнің өзгеріп, сол кітап желісімен ойланып, жаның жадырап, сол кейіпкерлер қарапайым сенің өміріңде көріп-білген адамдарың секілді күй  кешесің! «Жақсы кітап - жанға күйді кешіре білетін әрбір шығармасы өмірдің өзіндей болып, басты кейіпкердің оқиғаларынан шыға алмай, соның көлеңкесінде жүргізетін, жалықтырмайтын кітаптар да, жазушылар да аз емес. Солардың бірі әрі бірегейі - Мархабат Байғұт ағамыздың «Интернаттың баласы» повесті. Мархабат ағаның «Интернаттың баласы» шығармасын оқу арқылы жасөспірімдер өміріне, оларда кездесетін қиындықтарға, жетімдік пен ауыр соғыс кезідегі қиын жағдайға, сонда да өз қиыншылықтарын өздері шешкісі келген балалардың өсіп, қалыптасу сәттеріне куә боласыз. Повестің негізгі идеясы - әрбір жас дәрежесінде кездесетін қиындықтарға төтеп бере білу мен бала кезден, мектеп жасынан жақсылыққа тәрбиелеу, ізгілікке үйрету.
     Кітаптың кейіпкері - Ноқтабай есімді қалаға мектеп-интернатқа оқуға келген жас бала. Ноқтабай - отбасындағы жалғыз ұл, әпкесі мен жалғыз ауруға шалдыққан анасы бар, ал әкесі оқыс жағдайда қайтыс болған. Ол жетінші сыныпты оқуға аудандағы Ы.Алтынсарин атындағы мектеп интернатқа келеді. Байқасам, Көшен күйші және Ноқтабайдың өзі де өз орындарын тауып, өздеріне лайықты жұмысты атқаратыны жазылған. Шығарманың негізгі мазмұны - интернат балалары тасжүрек, мейірімсіз болады деген ой. Шын мәнінде интернатта өскен балалар да өмірге бейім, мейірімді әрі адал жандар болатынын кітап соңындағы басты кейіпкерлердің көп жылдардан кейінгі өмірі дәлел етіп тұрғандай. Мархабат Байғұт шығармалары адам, ел мен жер тағдырынан сыр шертеді. Оқыңыз!!!
                                                                                №3 кітапхана–филиалының кітапханашысы  Туғанбаева Қ.Н.

Комментариев нет:

Отправить комментарий