Біздің блогқа қош келдіңіздер!!! Добро пожаловать на наш блог!!!

Сәкен Иманасовтың «Ү томдық шығармалар жинағы» жайында

Мен оқырман ретінде  Алматының «Алатау» баспасынан шыққан, жазушы ақын ағамыз Сәкен Иманасовтың шығармалар жинағының І- Ү томдық кітабын оқып шықтым. Бұл томдықта жазушы қаламдастары жайында тамаша творчестволық ой қозғайды. Сонымен бірге өзінің балалық шақтан бастап алпыс жасқа келгенге дейінгі өмір жолын, жауапты қызметтерде болған жылдарын, сол уақыттарда баспагерлер, жоғарғы партия қызметкерлерімен қоян-қолтық еңбек етіп, олардың өміріндегі сан алуан құбылыстарды, әркімнің қызметтегі өсу жолын, шын қоғамға деген қөзқарастарын әдеби-мәдени түсінікті майда тілмен тамаша баяндайды. Аудандық газетте тілші қызметін бастаған, Алматы облыстық партия комитетінің бөлім меңгеруші орынбасары қызметіне дейін көтерілген, халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, қазақтың көрнекті ақыны Сәкен Иманасовтың таңдамалы шығармалар жинағының 4-ші томында оның жастық
шақтағы кейбір ұмытылмас сәттері, қызметтік кезеңдегі замандастары жайлы жазылған естеліктері өте қызықты баяндалғаны соншалық, оқырман қауымды бірден баурап алады. Жазушы және ақын ағамыз кітабында айтып отырғандай, қазақтың марғасқа небір көрнекті ақын-жазушылары Тұманбай Молдағалиев, Қайрат Жұмағалиев, Жүрсін Ерманов, Мұхтар Мағауин, Ілияс Есенберлин, Оразбек Сәрсенбай т.б көптеген қазақ еліне белгілі азамат-азаматшаларымен қоян-қолтық творчестволық бірлікте бірге болғанын мақтан етеді. Оны ақын інісі Абзал Бөкеннің Сәкен Иманасов рухына арнаған «Бөлек» атты жыр жолдарынан байқауға болады:

Жалғанда біреу белес,
Біреу емес,
Біреу деп жүргенің де біреу емес.
Ақын көп қазақта,
Сәкен - ақын.
Сыңсыған көп ақынның біреуі емес
Бұл өзі бөлекше жан, бөлекше адам,
Дәні – өзі, дәмі де – өзі, мәні де – өзі,
Сөзінде кездеспейтін кебек – сабан – дейді.
Жалпы (марқұм) жазушы Сәкен Иманасов творчествосы тек қана оқырмандар үшін емес, жазушыларға таптырмас бағыт, үлгі-өнеге боларлық дүние болары сөзсіз. Қолына кітап алған қауым Сәкен ағамыздың еңбегін оқи жүрсе екен.
Ыбышев Анарбай Аққожаұлы
зейнеткер, №3 кітапхана-филиалының тұрақты оқырманы.


Комментариев нет:

Отправить комментарий