Біздің блогқа қош келдіңіздер!!! Добро пожаловать на наш блог!!!

Аманғазина Айгерім


ЖББ №25 мектептің 7 «А» сынып оқушысы. Айгерім өлең жазып қана қоймай, оны мәнерлеп оқи алатын әдемі дауыс иесі. Ол бірнеше мәнерлеп оқу байқауларында жүлделі орын алып жүрген оқушы. Айгерімнен болашақта біз жақсы-жақсы мағыналы өлеңдер күтеміз.

                           Қоңырат!
Толып отыр міне бүгін 90 жыл,
Аямаймыз тілектерді біз қазір.
Одан әрі көркейе бер Қоңырат,
Бақытты ел боп жүрейікші жарқырап.

Тұтқасы Балқаш мыстың асыл кенің,
Кеп қалыпты тоқсанғада жасың сенің.
Қаншама қиын қыстау кезеңдерде,
Халқыма демеу болды мысың сенің.

Халқым бар қарапайым жайма шуақ.
Үлгі тұтар кішісі жасы үлкені.
Торқаланған тойыңа  ат терлетіп,
Жан жақтан ағайындар жатыр келіп.

Қоңыратым туған жерім, туып өскен,
Ойлап жүрміз біз сені шын ниетпен.
Мақтанамыз сенімен біз әрдайым,
Жүрегіміз лүпілдеп соққан сайын.

Қоңыратта тұрамыз біз бақытты.
Бірте, бірте әсем болып қалыпты.
Таза ауа, жері кең бұл өлкенің,
Жақсы көрем, жақсы білем әрбір жерін.

Комментариев нет:

Отправить комментарий