Біздің блогқа қош келдіңіздер!!! Добро пожаловать на наш блог!!!

Қазақ ақындар қатарына тағы бір



ҚАЛАМГЕР
Кітапханамызға жаңадан келіп түскен әдебиеттердің ішінен өзіме таныс есім Есей Жексенұлы. Бұл есім маған көбінесе теледидардан спорт комментаторы ретінде белгілі болған. Алайда, автордың «Шуақ» атты өлеңдер мен әңгімелер жинағы қолыма түскенде, автордың заман тынысын, уақыт лебін сездіретін сыршыл да ойшыл өлең жырлары бес бөлімге топтастырылғанына көзім жетті.

 Мейірім төк, жаурағанда жылындыр.
Мүмкін...
Біреу зәру шығар соныңа
Болар-болмас медеу тілеп жанына,
Жаутаңдаған ғұмыр бұл.
Қатал күнді шуағыңмен жылытып,
Сен жай ғана күліп жүр...
«Өмір мәнін қариядан сұрап көр», «Тәңір бізге тарту еткен өлмес рух», «Жан досқа» т.б. өлеңдерін оқи отырып қаламгердің өзіне ғана тән қолтаңбасы бар деуге болады. Автордың тілі жатық, аз сөзбен көңіл түкпіріндегі сезім иірімдерін дәлме-дәл жеткізе білген. Ал, «Жесірлер» мен «Айсәуле» атты шағын әңгімелерінен бүршік атқан пәк сезімнің көрінісін көргендей боласыз.
Ойымды қорыта келе: Есей Жексенұлы, енді менің сүйікті қаламгерлерімнің тізіміне өзінің жан тебірентерлік шығармаларымен қосылмақ.
Әдебиетті қадірлей білетін оқырмандарды Есей Жексенұлының «Шуақ» атты жинағын оқуға шақырамын.
Утепова М.Қ.
№1 кітапхана-филиалының
меңгерушісі


Комментариев нет:

Отправить комментарий