Біздің блогқа қош келдіңіздер!!! Добро пожаловать на наш блог!!!

Ежелгі кітапхана


Француз археологтары Судан жерінен ежелгі кушит тілінде жазылған таңбалы тастар мен жазбалар жиынтығын тауып алды. Табылған көне ескерткіштің жасы шамамен 2700 жылға тең деп болжаған.
Ескерткіш біздің заманымызға дейін 14 ғасырда өмір сүрген Мысыр перғауыны Аменхотеп ІІІ-ші жары Тиеге арналып салынған ғибадатхананың үлгісінде жатқан Сейдейнг аймағынан табылған. VII ғасырдан бастап біздің заманымызға дейін ол аймақ «өлілер» қаласы - 80 пирамида мен 100 жуық қабірден тұратын қорымға айналған. Қабірдегі жазбалар мероит әліпбиі арқылы жазылған, оны біздің заманымызға дейінгі II-V ғасырлар аралығында солтүстік Судан жерінде және Нубияда қолданған. Жоғалған бұл тілдің негізін қалаған Куш патшалығының тұрғындары болатын. Кейін Тутмос І-ші фараонның кезінде Египет Куш патшалығын басып алды. Мероит әліпбиі Ежелгі мысыр жазбаларына сәйкес құрылғанымен, әлі күнге дейін толық аударылмаған.

Үркер журналы.- 2018.- №5

Комментариев нет:

Отправить комментарий