Біздің блогқа қош келдіңіздер!!! Добро пожаловать на наш блог!!!

Тағдыр



Жазушы Бақыт Мерекенованың «Тағдыр» кітабында «Жалғыздықтың жан азабы», «Пендешілік», «Тағдыр», және т.б. әңгімелер шебер тілмен жазылған туындылар. Шығарманың өн бойында адамдар арасындағы шынайы махаббат, адамгершілік, парасаттылық пен зұлымдылық, бақталастық сияқты шиеленіскен жағдайлар қисынды шешімін тауып, оқиғалар барысында өрбіп отырады. Кітаптың бас кейіпкерлері өмірде кездескен сан қилы қиыншылықтарға мойымай, аңсаған армандарына қол жеткізген.
            Мен де осы кітапты қолға түсірдім. «Пендешілік» әңгімесін оқып отырып, ойға қалдым. Қазіргі мына заманда небір құйтыртқы істер мен жаман ойлар адамның санасын жаулап алған. Соның бірі осы әңгіменің бас кейіпкері - Хасен болып отыр. «Алтын көрсе -періште жолдан таяд» деген мәтел тура осыған айтылса керек.
Ал «Тағдыр» атты романын оқысаңыз тіптен қайран қаласыз. Ермек атты кейіпкердің өмір жолындағы түрлі - түрлі қиын да қызықты хикаяттары бастан аяқ жақсы суреттелген. Бұл енді басқаша әңгіме...
Әрине, сіздерге осы кітапты оқуға кеңес беремін.
Оқыңыздар!!!


№4 «Сырлас» кітапхана- филиалының

тұрақты оқырманы Қозыбағарова Гүлзира


Комментариев нет:

Отправить комментарий