Біздің блогқа қош келдіңіздер!!! Добро пожаловать на наш блог!!!

Климова Әйгерім


Ж.Ақылбаев атындағы Балқаш сервис колледжінің  студенті. Ақиық ақындар мен арда таланттарды түлеткен Ақтоғай өңірінде туып-өскен. Мектеп қабырғасында шығармашылығымен көзге түсіп, республикалық деңгейдегі байқаулардың жүлдегері болған Әйгерім өлеңді 8 сыныптан бастап жазады екен. Алғашқы өлеңін анасына арнапты.

                                


Жасындай боп жарқырасам жасымнан

Абай ата, о киелі абызым,
Тастап кеткен ұрпағына бар ізін.
Абай сыншы жақсы менен жаманның,
Қайғы-зарын жырлай білген даламның.

Табанымыз таста бүрсіз тайғанап,
Қазанымыз қаша осы қайнамақ.
Абайламай ұсақталып барамыз.
Абайы жоқ заманда бұл ай қарап.

Абай – дана, Абай – дара қазақта,
Оқымаған Ұлы Абайды қазақ па?!
Қазақ даңқын асқақтатқан әлемге,
Абай теңдес ақын болмас қазақта.

Ештеңеден еш кетпесін ақталып,
Қарасөзбен қара қылды қақ жарып.
Абай күйін, Абай үнін кешемін,
Оқығанда бай мұрасын ақтарып.
  
Шідерленіп, шырмауыққа байланып,
Мансап қуып,  байдыққа да тоймадық.
Бақ байланып сүрінеміз жығылып,
Ат қазығын қайдан тапсын айналып.

Жасындай боп жарқысам жасымнан,
Жақұт жырға үлгі етіп бас ұрғам.
Ұрпағыңа үлкен мұра қалдырған,
Абай ата айналайын атыңнан.


Комментариев нет:

Отправить комментарий