Біздің блогқа қош келдіңіздер!!! Добро пожаловать на наш блог!!!

Ә.Нұршайықов «Махаббат, қызық мол жылдар»

Қазақстанның халық жазушысы, майдангер-журналист  Ә.Нұршайықовтың ешқашан ескірмейтін, керісінше, жылдар өткен сайын жаңарып, жасара беретін шығармасы, бәрімізге таныс туынды, «Махаббат, қызық мол жылдар» романы, мектеп қабырғасынан менің сүйікті кітабыма айналды. Кіршіксіз сезім мен мәңгілік махаббатты көксеген шығарма оқырманды өзінің еркін жазу стилімен, көркемдік сөз саптауымен жаулап алары сөзсіз. Соғыста хас батыр, еңбекте адал ер болған Ербол мен ақылына көркі сай, сабырлы Меңтай арасындағы жігі бөлінбес адал махаббат пен кіршіксіз сезімді автор қанық бояулармен тамаша суреттеген.  Шығарманың оқырманды баурап алар ең жағымды жағы  - сұрапыл соғыстан аман оралған Ерболдың армандаған жұмысына тұруы, бастысы, Меңтаймен махаббатқа толы бақытты күндерін өткізуі. Қос ғашықтың араларын өлім ғана бөлгенмен, Меңтайдың қойын дәптеріндегі сағыныш сырлары Ерболдың жанына медет, көңіліне тіреу болады. 
«Құдай-ау, қайда сол жылдар,
Махаббат, қызық мол жылдар?
Ақырын-ақырын шегініп,
Алыстап кетті-ау құрғырлар» деп ұлы Абайдың өлеңімен бастау алған шығарма прологы Ерболдың баяндауы арқылы жазылған. Жоғарыда айтып өткендей, осындай өміршең туындыны оқырман қауымға, жора-жолдастарыма, жастарға ұсынар едім.

Бөкен Дина,
С.Сейфуллин атындағы орталық
қалалық кітапхананың оқырманы

Комментариев нет:

Отправить комментарий