Біздің блогқа қош келдіңіздер!!! Добро пожаловать на наш блог!!!

Отбасы – үлгі-өнеге бастауы

Отбасы – адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы – ата-ана. Отбасындағы тәлім тәрбиенің мақсаты  баланың жасын, жеке ерекшелігін, психикалық процестерін ескере отырып, еңбексүйгіштікке, баланың күнделікті өмірін мәнді және сәнді етуге, ата-ананы, туған-туыстарын, жасы үлкендерді сыйлап, құрметтеуге үйрету.
«Отан отбасынан басталады» демекші, отбасы – таным бесігі және өркениет ошағы. Ата-ананың жақсы мінез-құлқы, дұрыс қарым-қатынасы арқылы бала үлгі алады. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім көруі тиіс. Ата-анаға баладан жақын ешкім жоқ. Сондықтан, ата-ана өз баласының білімді, ақылды, бастаған ісіне жауап беретін жас ұрпақты жастайынан тәрбиелеу керек деп ойлаймын.
Статистикалық деректерге сүйенсек, елімізде жас отбасылардың ажырасуының ұлғайғаны жасырын емес. Ал, ажырасудың салдары баланың мінез-құлқына, дамуына кері әсер тигізетінін жас ата-аналар  ескере бермейді. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» демекші, балаға жақсы тәрбие бергіңіз келсе, өзіңізден бастаңыз! Сіз қандай болсаңыз, балаңыз сізге қарап өседі.
Қымбатты оқырман, бала тәрбиесіне қажетті қандай кеңестеріңізбен бөлісер едіңіз?


Өмірзақ Айгүл 
автоматтандыру бөлімінің кітапханашы-программисті

Комментариев нет:

Отправить комментарий