Біздің блогқа қош келдіңіздер!!! Добро пожаловать на наш блог!!!
Адамзат ақыл-ойының көркем жемісі болып саналатын кітап өз құндылығын қай кезде де жоғалтпайды.  Кітап туралы қызықты деректер өте көп. Солардың бірқатарын оқырман назарына ұсынғанды жөн көрдім.
Әлемде шығарылған ең кішкентай 12 кітаптың басын қосқанда, барлығы бір ас қасыққа сыйып кетеді екен. Олардың ішінде «Құранның» кішкентай басылымы, ағылшын тілінің сөздігі, Францияның Конституциясы бар.
Тағы бір қызық кітап – «Медицина өнерінің жалғыз және өте терең құпиялары» деп аталады. Ол голландиялық атақты дәрігер Герман Бургавенің заттарының ішінен, ол өмірден өткеннен кейін табылған. Бұл 100 беттік кітап аукционда 10 мың долларға сатылған. Кітапты ашып қараса, бүкіл беттері тап-таза, тек титулдық бетінде «Басыңды суықта, аяғыңды жылыда ұста, сонда ең жақсы дәрігерді кедейге айналдырасың» деген жазу болған.
Кітап ұрлайтын ең белгілі библиоклептоман Стивен Блумберг болған көрінеді. Ол өз өмірінде 268 кітапханаға ұрлыққа түсіп, 23 мыңнан аса сирек кездесетін кітап ұрлаған. Құны 20 миллион доллардан асатын кітапханасын толықтыру үшін Блумберг кітап ұрлауда түрлі қитұрқы әдістерді қолданған.
Баланы кітап оқуға баулуға тек 4-6 жаста бастаған жөн. Себебі кейін  баланың ынтасы жоғалады. Ал, үшінші сыныпқа дейін кітап оқи алмаған бала өмір бойы кітап оқуды әдетке айналдыра алмайды. АҚШ кітаптанушыларының зерттеуі бойынша, 10 жасқа дейін кітап оқуға дағдыланған баланың түрмеге түсу, нашақор болу секілді жағымсыз әдеттерге баруы екіталай деген қорытынды жасаған.
Бастауыш сыныпта мәтінді уақытқа оқығанымыз әлі күнге дейін есімізде. Наполеон минутына екі мың сөз оқыса, Бальзак романның 200 бетін жарты сағатта оқитын болған.  М.Горький минутына төрт мың сөз оқыған екен. Ал, сіз минутына қанша сөз оқисыз, оқырман?


Комментариев нет:

Отправить комментарий