Біздің блогқа қош келдіңіздер!!! Добро пожаловать на наш блог!!!

Кітап оқудың пайдасы

   Үлкендермен бір дастархан басында отырғанда кітап оқудың пайдалы екенін көп айтады. Алайда, ғылым мен техника қарыштап дамып жатқан ғасырда, түрлі гаджеттер шығып жатқан кезеңде балаларды кітап оқуға қызықтыра алмайсың. Бірақ, мен бұл пікірмен келіспеймін.
Біріншіден, кітапты көп оқыған адамның ми қыртысы күрделеніп ұзақ жасайды. 
Екіншіден, адамның тіл байлығы артады. Осы орайда атам қазақ «Кітап-білім қазығы, адамзаттың азығы» деп бекер айтпаған. 
Үшіншіден, біздің би-шешендеріміз дала мектебінен өткен. Түрлі дау-дамайларда бағын сынаған және сол дауларға әділ төрелік еткен. 
    Кітап оқып, оның қатарына көз жүгіртіп отырған сайын көзге жаттығу болады екен. Міне, менің гаджеттерге қарсылығымның да себебі осында.
   Гаджеттердің зияны өте көп. Біріншіден, гаджеттер көзге зиян келтіріп, көру қабілетін нашарлатады. Екіншіден, гаджеттер  уақытты босқа кетіреді. Үшіншіден, гаджеттердің яғни, компьютердің зиян екенін дәлелдейтін факт бар. Ол факт-компьютерді жасап шығарған адам өз балаларына, отбасына компьютер қолдандырмаған. Демек, ол адам компьютердің өте зиян екенін білген.
   Ойымды қорыта келе, баршаға айтарым, гаджеттерді қоя тұрып, бір мезгіл кітап оқыңыздар. Ол өздеріңізге пайдалы. Көркем мәнермен сөйлейміз десек, кітап оқып, «артық білім - кітапта» екендігіне үгіт жүргізейік.

Ргабаева А.
кітапханашы

Комментариев нет:

Отправить комментарий