Біздің блогқа қош келдіңіздер!!! Добро пожаловать на наш блог!!!

Қыздарға арналған 5 кітап


Біз қыздар қауымы әсерлі келеміз ғой. Кез келген оқиғадан, кітаптан, кинодан махаббат пен мораль іздеуге құштармыз. Күнделікті күйбеңнен шаршағанда, музыка тыңдап, кино көріп қиялға ерік беретініміз тағы бар. Бірақ осындай сәттерде қандай кітап оқысам екен немемсе қандай кино көрсем екен деп, құрбыларымыздан ақыл-кеңес сұрап жатамыз. Кейде қазақ тіліндегі туындыларды таба алмағандықтан,  шетелдік туындыларды таңдайтынымыз жасырын емес.  Осы орайда қыздар қауымына арналған қазақ тіліндегі кітаптарды ұсынуды жөн көрдік.

«Шуақты күндер».  Авторы –Зейнеп Ахметова. Зейнеп апамыз -  Бауыржан Момышұлының келіні. Кітапта Халық қаһарманы туралы естеліктер жинақталған. Бауыржан атамыздың қатал мінезі туралы аңыздардан жиі естігенбіз.Бірақ  «Шуақты күндерде» мінезінің басқа қырларын көресіз. Зейнеп  атасымен бір шаңырақта тұрған кездегі естелік-әңгімелері арқылы қазақ келінінің керемет үлгісін көрсетеді. Бұл кітап қазақ келіндерінің «Төлқұжаты » сынды.
«Ұлпан». Авторы- Ғабит Мүсірепов. Шығармада қазақтың қарапайым қызының ел анасына айналуы туралы оқиғалар баяндалады. Туындыдан ер азаматты қадірлеуді, халыққа  қамқор болуды үйреніп, қазақтың салт-дәстүрлері жайлы көп мағлұмат алуға болады.
«Ақбілек». Авторы –Жүсіпбек Аймауытов. Бұл кітапта халқымыздың бастан кешкен тарихи оқиғалар қарсаңындағы қазақ қыздарының ғұмыры бейнелеген, олардың қайсарлығын баяндап, соңында бақытқа қол жеткізгендігі суреттеледі.
«Махаббат жыры». Авторы-Әкім Тарази. Шығарманың жүрекке күш сыйлайтын қасиеті бар.Әйел баласының артық жүрісі мен қасиет-қадірін таразыға салып суреттейтін жазушының ой ұшқырлығы оқырманды еріксіз тәнті қылады.
«Гауһар». Авторы –Талғат Кеңесбай. Қазіргі қоғамда «дәулетті адамға тұрмысқа  шықсам, бақытты боламын» деп санайтын қыздарға ой салатын туынды. Шығарманы оқығандар әйел бақытының бағасын түсінері анық.

1 комментарий:

  1. Танымды мақала екен. Шынында, кейде не оқуға болатынын білмейсің. Өзім осылардың ішінен 1-2 оқығам, бірақ соны еске түсіру үшін тағы бр қайра оқығым келіп кетті. Рахмет сіздерге!

    ОтветитьУдалить