Біздің блогқа қош келдіңіздер!!! Добро пожаловать на наш блог!!!

«Менің екінші кітабым»

Адам өз-өзін дамытуды бастамас бұрын, әртүрлі ұсақ-түйектерді түгендеп алу керек. Ондай заттардың бірі - күнделік. Егер сізде күнделік дәл қазір бар болса, ол өте жақсы.
Бәріміз де балалық шақтың тәтті дәмін татып көрдік, мектеп кемесіне мініп, білім теңізін кештік. Мектеп кезінде күнделік жазғансыз ба? Немесе қазір күнделік деген сырлас досыңыз бар ма? Күнделік жазған дұрыс деп ойлайсыз ба? Пайдасы мен зияны қандай? Осы орайда әңгіме өрбітейік! Күнделігіңізден үзінді жазып қойсаңыз тіптен керемет!Негізі күнделік дегеніміз естелік, адамның ең жақын досы деп ойлаймын. Мүмкіндік болса, оны жазып жүрген дұрыс. Ол өзімізге пайдалы болмаса, зиянды емес. Осы ретте Ләйла  Сұлтанқызының «Менің екінші кітабым» атты кітабын оқуға ұсыныс жасап отырмын. Ләйлә ханымның кітабы қазақ әйелдеріне арналып, бірталай өзекті тақырыптарды қозғайды. Олардың ішінде отбасылы және ажырасқан әйелдерге арналған кеңестер, салмақ тастау, дұрыс тамақтану, өмір қиыншылықтарын жеңе білу секілді пайдалы ақпараттар баяндалады. Ең бастысы, кітаптағы ақпараттың барлығы автордың басынан өткен қиыншылықтар мен сынақтардың және өмірлік тәжірибесінің негізінде жазылған. Ауызекі сөйлеу стилінде жазылған. Мен өзім бұл кітапты сырлас құрбымның күнделігі ретінде қабылдадым. Cіздерге де оқуға кеңес беремін!

                                                                     Туғанбаева Құралай Насрединовна                

Комментариев нет:

Отправить комментарий