Біздің блогқа қош келдіңіздер!!! Добро пожаловать на наш блог!!!

Махаббат сезімін қадірлей, аялай білейік

Махаббатты осындай құдіретті етіп, дүниедегі ең ұлы күш – жаратылыстың өзі жаратқан.
Менің ойымша, қазіргі заманда махаббат пен ғашықтықты шатастыратындар өте көп. Ғашықтық деген -  ол адамның келбетін, сөзін, мінезін, қылықтарын ұнату болса, махаббат дегеніміз – ол адам үшін бәріне бару, яғни қуанышта да, қайғыда да бірге болу, құрметтеу, сыйлау. Ол адамды көргісі келіп тұруы, аңсап, сағынып тұруы. Талай сынақтарға төтеп берген ғашықтарда ғана махаббат болады. Сонда ғана отбасын құра алады.           
Өзімнің оқыған шығармам І. Есенберлиннің «Ғашықтар» романы. Басты кейіпкері – Жантас пен Ұлбосынның бір-біріне махабатты, сүйіспеншілігі туралы. Жантас – өнер адамы. Мәскеу қаласындағы жоғарғы оқу орнына мүсінші мамандығы бойынша оқуға түседі. Саздан әйел адамдардың мүсінін жасауды ұнатады. Ұлбосын кран жүргізушісі болып істейді. Ұлбосынның қайтпас қайсарлығы Жантастың жүрегін жаулап алады. Ұлбосын айықпас дертке ұшырайды, емдеуге келмейтін ауру түрі. Ол жайлы білген Жантас, оның қасынан бірелі кетпей,  үй шаруасына көмектесіп,  уақытылы дәрісін беріп, күтті. Ұлбосынның төсекке таңылғанына қарамастан оның махаббаты күннен-күнге ұлғая түседі. 
Романның соңы немен аяқталады? Бұл бәріңізге де қызық болар, оқырман қауым? Оқуға ұсынамын.
Барша оқырмандарды 15 сәуір – Қозы Көрпеш-Баян сұлу күнімен, яғни ғашықтар күнімен құттықтаймын! Махаббаттарыңыз мәңгілік болсын!

Балғынбаева Айнұр Таңатқызы

Комментариев нет:

Отправить комментарий