Біздің блогқа қош келдіңіздер!!! Добро пожаловать на наш блог!!!
         Ғасырлар тоғысындағы әңгіме… Жалпы, астындағы аты кісінісе Аллаға тәубәсін айтып, «сен тимесең мен тимейтін» момын халықпыз ғой.   
         Тұла бойымыз тұнып тұрған — толеранттылық! Барға - қанағат, жоққа - мезірет айтып отыратын ата-бабаларымыз, апа-әжелеріміз қолындағы бар нәрсесін өз балаларына қимай, қашан келетіні бір құдайға мәлім құдайы қонағына сақтап отыратыны - соның бір дәлелі.
         Ал мен оқыған «Құз басындағы аңшының зары»  кітабы - екі бөлек әлемнің, яғни қазақтың қайсар ақыны - Мұхтар Шаханов пен қырғыз ағайынның ардақтысы, бүкіл әлем бас иген Шыңғыс Айтматовтың диалогынан тұрады. Оқуға кеңес беремін! Халқымыздың өткен өміріндегі көлеңке тұстарды әшкерелеп, тарихи оқиғаларға да анализ жасап отырады қос наркескен. Сол арқылы әңгімеден әңгіме өрбітіп, туған халықтарының күйін күйіттейді. Сәттілік достар! Оқып жатсаңыздар ойларыңызбен бөлісе отырарсыздар!


Кітапханашы Туғанбаева Құралай Насрединқызы

Комментариев нет:

Отправить комментарий