Қай елдің, қай халықтың болсын оның мәдениетінің деңгейі, сауаты әрине кітаппен байланысты. Ал АҚШ
халқының тең жартысына жуығы кітап оқымайды екен. Сондықтан ел
студенттерінің көпшілігі Рузвельттің,
Черчилльдің кім екендігін білмейтін көрінеді.
Иә, кітап оқымаудың осындай зияны да
бар. Ал, кітапы құрметтеген елдерде ше?
Мәселлен, Финляндиядағы «Скепсис»
қоғамының мүшелері жыл соңында бас қосып, жылдың ең нашар кітабына да
«Құрмет грамотасын» береді екен.
Бұрынғы батыс Германияда шығып тұратын «Конкрет» атты журналдың жылдың
ең жаман шығармасына, яғни ең дарынсыз авторына
беріп отыратын арнайы сыйлғы да бар, оған ие болған адам бұдан былай кітап
жазбауға, басқа бір мамандыққа ауысуға уәде беретінкөрінеді.
Шри-Ланкада археологиялық қазба жұмыстарымен шұғылданған Америка ғалымдары
әр парағы алтыннан дайындалған ғажап бір кітап тауып алыпты. Онда көне
Үндістанның белгілі бір дастаны басылған екен.
Біздің дәуірімізге дейінгі үшінші ғасырдың басында тұрғызылған дүниенің
сегізінші ғажабы – әлемде теңдесі жоқ Александрия кітапханасында кезінде
мыңдаған папирус оралымдары болған.
Қазақстан әйелдері. - 2014.- №11
Комментариев нет:
Отправить комментарий